№1Азат орта мектебі КММ "Темекі сенің жауың" » 'Aзат №1 орта мектебі' коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Aзат №1 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №1Азат орта мектебі КММ "Темекі сенің жауың"
19
ноябрь
2021

№1Азат орта мектебі КММ "Темекі сенің жауың"

19-қараша – «Халықаралық темекіге қарсы күрес» және «Темекі-сенің жауың» атты сурет коллажын  салауатты өмір салтына орай іс-шара ұйымдастырылды.

Бүгінде қазақ ұлтының денсаулығын барынша тұншықтырып отырған бір дерт бар. Ол – никотинге тәуелділік. Бұл осы күнгі ғана емес, келешек ұрпағымыз үшін де қауіпті қатер. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне жүгінсек, жер шарындағы халықтың 18 пайызы яғни, бір миллиард адам темекіге тәуелді. Ал, жылына бес жарым миллионға жуық адам темекі зардабынан туындаған аурулардан өмірін қияды екен.
Темекі жарнамасы
Жарнама мамандарының пікірінше, 30-50 жылдан астам уақыт аралығында түсірген фильмдердегі темекінің жарнамалауынан күні бүгінге дейін шылым өндірісі пайдаға кенеліп жатқан көрінеді. ДДСҰ мамандары жаһандағы барлық мемлекеттерге темекінің заң жүзінде жарнамалауға қатаң тыйым салуға ұсыныс білдіруде. Халықаралық ұйым өкілдері жасаған зерттеулері балалар темекі тартуды неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым никотиннен бас тарту қиынға түсетінін дәлелдеген. ДДСҰ мамандары дүние жүзі адамдарының небары 5 пайызы ғана шылымды әспеттейтін жарнамалық дүниелерден аулақ екендігін айтады. Ал қалған 95 пайыз бөлігі шылым өнімдерін үгіттейтін жарнамаларды күндіз-түні көреді екен. Егер, нақты шара қолданбай, осы сарынмен жалғаса берсе, ғасыр соңына дейін 1 миллиард пенденің ажалы темекіден болатыны анық. Пайдасын темекі өнімдерінен көріп жүрген өндіріс орындар нарық аясын кеңейтуге, демек, азаматтарымыздың жаппай темекі тартуына мүдделі. ДДСҰ мамандарының айтуынша темекі өнімінің жарнамалары толық тоқтатылса, темекі тартатындар саны 16 пайызы төмендейтінін анықтаған.
Қатерлі әдетпен күрес
Қазіргі таңда барша ғалам жұртшылығы осы әлеуметтік қауіпті әдетке қарсы күресуде. Әлемдік тәжірибеге сай бұл індетке қарсы күрес алдын алу мен экономикалық шараларды қолдану тәсілдері арқылы жүзеге асады. Алдын алу әдістерінің бірі – темекінің қорабына өнімнің зиянды екені жазылатын ескертулер. Австралияда темекі қорабтарында өндірушінің фирмалық логотипі көрсетілмеген керісінше темекі тартушылар арасында таралатын аурулардың зардабы туралы жағымсыз суреттер берілген. Қазірдің өзінде Ұлыбритания, Канада, Үндістан, Жаңа Зеландия мен Норвегия сияқты елдер де нарыққа осындай өнімді енгізуді көздеп отыр. Еуропа елдері 2025 жылға дейін Еуроодақ темекіні саудадан мүлдем алып тастауды нысанаға алып отыр. Ресейде мектеп пен колледждерде темекі тартқан мұғалімдерге қомақты айыппұл салынады екен. Батыстың көптеген елдерінде қоғамдық орындарда шылым шегуге заң жүзінде тыйым берілген. Францияда осындай заң күшіне енгеннен кейін, кафе мен мейрамханалардың табыстары 10-15 пайызға кеміп, жүрек, қан тамырлары ауруынан өмірмен қош айтысатындар саны 15 пайызға азайыпты.
Ал, Қазақстан темекі індетімен қалай күресуде? 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап, қорап сыртындағы «Шылым шегу сіздің денсаулығыңызға зиянды», «темекі шекпейтіндердің өмірі ұзақ болады» деген жазулардың көлемі 30 пайызға ұлғайтылды. Бұл халықаралық темекіге қарсы күрес жөніндегі конвенциясымен келісім жасағаннан соң жеткен өзгеріс. 2011 жылы 22 қараша күні ҚР Үкіметі темекі бұйымының қорабына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы, олардың деңгейі және жүйелік улар, канцерогендік әрі мутагендік заттар туралы мәліметтер мен темекі шегудің зияны туралы ескертуді орналастыру ережелерін бекітті. Қорап сыртындағы жазулар көлемі 40 пайызға артты. Бұл ескерту темекіге тәуелді азаматтарымыздың көзіне ілге қояр ме екен.
Темекі 1 литр сүттен арзан
Әлем тәжірибесі бойынша ең тиімді шара – экономикалық ықпал ету тәсілі. Яғни, темекі бұйымдарына мемлекеттік акциз мөлшерін арттыру. Еуропа елдерінде бір темекі қорабы құнының акциздік үлесі 80 пайызды құрайды. Украинада – 30, Ресейде – 23, Беларуста – 20 пайызды жуықты құрайды. Ал, Қазақстанда 13 пайызды құрап отыр.Шылымның бір қорап бағасы орта есеппен 1 литр сүттен арзан болып отыр екен. 2012 жылдың 20 маусымында «Темекі түтінісіз Қазақстан үшін» ұлттық коалициясы темекі өнімдеріне акциз мөлшерін 2013 жылы көтерген. 2013 жылдың сәуір айынан бастап үш концерогенді, мутагенді және күшән, полоний 210, бензол және басқа улы заттар туралы мәліметтер орналастырып, темекі түтінінің улы құрамы жөнінде қазақстандықтарды көбірек хабарландыру мақсатында темекі қорабының сол қапталына мәтіндер мен суреттер жариялануда. Ал, темекі акциздерінің төмен болуы өндірушілер үшін өте тиімді. Темекі нарығында жұмыс жасап жатқан компаниялардың көбісі шетелдік. Демек, Қазақстандағы темекі компаниялары тапқан табыстарының 80-90 пайызы елден өзге елдерге ұшып кетеді деген сөз. Бұның да пайдасын шетелдік алпауыт компаниялар көруде.