№1 Азат орта мектебі 2021-2022 оқу жылы "Қарттар күні" » 'Aзат №1 орта мектебі' коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Aзат №1 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №1 Азат орта мектебі 2021-2022 оқу жылы "Қарттар күні"
01
октябрь
2021

№1 Азат орта мектебі 2021-2022 оқу жылы "Қарттар күні"

«Аталар мұрасы – халық қазынасы» атты  Халықаралық қарттар күніне орай  ұйымдастырылған  іс-шараға мәлімет.

«№1 Азат орта мектебінде» 2021 жылы   1- қазан  Халықаралық қарттар күні «Аталар мұрасы-халық қазынасы» атты іс-шара жоспары құрылып бекітілді. Мектебіміздің «Жас лан» және «Жас ұйымы» қарттарға қайырымдылық шараларын ұйымдастырып сый-сыйапат көрсетті. Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен «Аталар мұрасы-халық қазынасы»  мектеп тарапынан ұйымдастырушылар  1 қазан –халықаралық қарттар күніне орай ауылымыздың қарияларын мерекелерімен құттықтап, сый-сияпаттарын таратып қайттық. Қарияларымыз ризашылығын білдіріп,ақ батасын  жаудырды.